Наши кубки

30.09.2021 Қазақстан құрамасындағы бразилиялықтар: олардан қандай пайда бар?

Қазақстан құрамасындағы бразилиялықтар: олардан қандай пайда бар?
Футзалдан Қазақстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бүгінде құрамамыз Бразилия, Аргентина, Португалия секілді футзал грандтарымен бір қатарда тұр. 

Бірақ бұл тұста қазақстандық жанкүйерлердің пікірі екіге жарылды. Бірі құраманың бұл жетістігіне қуанып жатса, екіншісі ұлттық командада Қазақстан азаматтығын алған шетелдіктер барын сынап жатыр. Дәлірек айтқанда, қазір құрамада бразилиялық үш футзалшы ойнап жатыр - капитан әрі қақпашы Игита, ойыншылар Дуглас пен Тайнан. 

Tengrinews.kz тілшісі футзалдан ұлттық құрамадағы шетелдіктер қаншалықты пайда әкелді деген сұрақтың жауабын іздеді. 

Бразилиялықтар жоқ кезде қандай едік?

Алдымен Қазақстан құрамасының өткеніне тоқталайық. Бұрын ел футзалын жанкүйер жіті бақыламайтын, себебі үлкен жарыстарға қатыспайды. 2000 жылы әлем чемпионатына қатысып, топтан шыға алмай қалған. Оның алдында деңгейі сәл төмендеу Азия чемпионатында екі мәрте жүлдегер атанған. 

Қазақстан футболы УЕФА-ға ауысқалы жағдай өзгерді. Әлем чемпионаты да, Еуропа біріншілігі де жоқ, іріктеутен өте алмай қаламыз. 2000 жылдан бастап он алты жыл бойы біздің құрама әлемдік жарыста да, құрлықтық додада да өнер көрсеткен жоқ. 

Құрамаға бразилиялықтар алына бастады

Футзалда үстемдік құрып тұрған бір ел бар - Бразилия. Бұл елде талай талант құрамаға іліге алмай қалған, сондықтан футзалға ден қойып жатқан басқа елдерді аралап кетеді. 

Бүгінде біздің құрамада төрт бразилиялық бар. Біз жоғарыда айтқан Игита, Дуглас пен Тайнаннан бөлек, Лео Қазақстан намысын қорғайды. Бірақ жарақатына байланысты биылғы әлем чемпионатына бара алмады. 

 

Игита мен Лео Қазақстан азаматтығын 2013 жылы алған. Дуглас 2015 жылы қазақстандық атанды. Тайнан болса, Қазақстан құрамасы сапында 2018 жылдан бастап ойнайды. 

 

Негізі бұл әлемде бар үрдіс. Мысалы, биылғы әлем чемпионатында ширек финалға жеткен Ресей құрамасында Робиньо, Ромуло мен Эдер Лима секілді бразилиялықтар ойнайды. 

1/8 финалда Бразилияға күш көрсеткен Жапония құрамасы да толығымен жапондардан жасақталмаған. Бұл құрамада Хигор Пирес пен Артур Оливейра секілді бразилиялықтар өнер көрсетеді. 

 

 

TengriNews

Похожие новости